{"title":"ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ","authors":"Akmaral Mukhanbetzhanova, Abilova Oryngul","doi":"10.47649/vau.2023.v70.i3.06","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"Мақалада цифрлық сауаттылық мәселесі кәсіби құзыреттілік пен ақпараттық мәдениеттің негізгі компоненттерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «жасанды интеллект» ұғымының мәнін және оның цифрлық сауаттылықты қалыптастырудағы маңыздылығын түсіндіру. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру цифрлық экономиканың дамуын жеделдетудің басымдықтарының бірі ретінде танылды, ал цифрлық сауаттылық әр адамның цифрлық әлемде бәсекеге қабілетті өмір сүруі және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті негізгі дағдылардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар саласында зерттеулер кеңінен жүргізілуде. Көптеген ғалымдардың компьютерлік бағдарламаларды құру, талдау, модельдеу, жүйелерді оңтайландыру және жасанды интеллект құру саласындағы жетістіктері бүкіл әлемге танымал. Бизнес пен ғылым тиімді ынтымақтасатын экономикасы бар елдерде инновацияларды нарыққа шығару қарқын алып, ұзақ мерзімді перспективада бәсекелестік басымдық танып отыр. Кез келген мекемеде жасанды интеллект жүйелерін енгізуінің қозғаушы күші қызмет процесін автоматтандыру арқылы тиімділікті арттыру болып табылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиясы қызмет мүмкіндіктерін даралап көрсете отырып, қоғамның сұранысын арттыруға мүмкіндік береді. Десек те, қазіргі уақытта жасанды интеллекттің дамуына әсер ететін экономикалық сектордың негізгі мәселелерін «салаішілік» және «саладан тыс» деп екі санатқа бөлуге болады. Біріншісіне, әлемдік көшбасшыларға қарағанда төмен деңгейдегі фирмалардың инновациялық жобаларды енгізуі мен іске асыруы, екіншісіне, еңбек өнімділігінің төмендігі және автоматтандыруға жататын жұмыс орындарының үлкен үлесі, жабық және ескірген деректер құрылымдары, мемлекеттік секторда жасанды интеллект технологияларының жеткіліксіз енгізілуі, еңбек мәселелері жатады. Жалпы алғанда, сыртқы сын-қатерлерге кейбір салаларда (денсаулық сақтау, білім беру, көлік т.б.) жасанды интеллект дамуының, дербес деректерді қорғау туралы заңдардың болмауы немесе жетілмегендігі және капиталға қолжетімділіктің шектелуі жатады. Бұл мәселелер түрлі зерттеулер мен көзқарастар тұрғысынан нақты талдауды қажет етеді.","PeriodicalId":269914,"journal":{"name":"«Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова»","volume":"57 1","pages":""},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2023-09-25","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"«Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова»","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.47649/vau.2023.v70.i3.06","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
Мақалада цифрлық сауаттылық мәселесі кәсіби құзыреттілік пен ақпараттық мәдениеттің негізгі компоненттерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «жасанды интеллект» ұғымының мәнін және оның цифрлық сауаттылықты қалыптастырудағы маңыздылығын түсіндіру. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру цифрлық экономиканың дамуын жеделдетудің басымдықтарының бірі ретінде танылды, ал цифрлық сауаттылық әр адамның цифрлық әлемде бәсекеге қабілетті өмір сүруі және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті негізгі дағдылардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар саласында зерттеулер кеңінен жүргізілуде. Көптеген ғалымдардың компьютерлік бағдарламаларды құру, талдау, модельдеу, жүйелерді оңтайландыру және жасанды интеллект құру саласындағы жетістіктері бүкіл әлемге танымал. Бизнес пен ғылым тиімді ынтымақтасатын экономикасы бар елдерде инновацияларды нарыққа шығару қарқын алып, ұзақ мерзімді перспективада бәсекелестік басымдық танып отыр. Кез келген мекемеде жасанды интеллект жүйелерін енгізуінің қозғаушы күші қызмет процесін автоматтандыру арқылы тиімділікті арттыру болып табылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиясы қызмет мүмкіндіктерін даралап көрсете отырып, қоғамның сұранысын арттыруға мүмкіндік береді. Десек те, қазіргі уақытта жасанды интеллекттің дамуына әсер ететін экономикалық сектордың негізгі мәселелерін «салаішілік» және «саладан тыс» деп екі санатқа бөлуге болады. Біріншісіне, әлемдік көшбасшыларға қарағанда төмен деңгейдегі фирмалардың инновациялық жобаларды енгізуі мен іске асыруы, екіншісіне, еңбек өнімділігінің төмендігі және автоматтандыруға жататын жұмыс орындарының үлкен үлесі, жабық және ескірген деректер құрылымдары, мемлекеттік секторда жасанды интеллект технологияларының жеткіліксіз енгізілуі, еңбек мәселелері жатады. Жалпы алғанда, сыртқы сын-қатерлерге кейбір салаларда (денсаулық сақтау, білім беру, көлік т.б.) жасанды интеллект дамуының, дербес деректерді қорғау туралы заңдардың болмауы немесе жетілмегендігі және капиталға қолжетімділіктің шектелуі жатады. Бұл мәселелер түрлі зерттеулер мен көзқарастар тұрғысынан нақты талдауды қажет етеді.