{"title":"Коронавирустық инфекцияның әйелдер репродуктивті жүйесіне әсері: әдебиетке шолу","authors":"С.Е. Еркенова, Ш.М. Мойынбаева, А.М. Ауезова, А.А. Кауышева, Ш.К. Карибаева, Г.Г. Бедельбаева, А.С. Нурматова, М.А. Кулмаганбетов","doi":"10.37800/rm.2.2023.46-52","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"Өзектілігі: Коронавирустың (COVID-19) пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіндегі жаһандық дағдарысқа айналды. Бұл вирус негізінен тыныс алу жүйесіне шабуыл жасап, пневмонияға, жедел респираторлық дистресс синдромына (ARDS), ал ауыр жағдайларда өлімге әкеледі. Алайда, соңғы жылдардағы зерттеулердің нәтижелері COVID-19 инфекциясының дененің басқа жүйелеріне, соның ішінде әйелдердің репродуктивті жүйесіне әсер ету мүмкіндігін көрсетеді.\nЗерттеудің мақсаты – коронавирустың әйелдердің репродуктивті денсаулығына әсері туралы жан-жақты шолу жасау болып табылады.\nМатериалдар мен әдістерi: PubMed, Scopus және Embase дерекқорларында 2023 жылдың қаңтарына дейін жарияланған тақырыпқа сәйкес тиісті мақалалар анықталып, жан-жақты зерттеу жүргізілді. Іздеу сұрауларына келесі кілт сөздері мен сөз тіркестері кірді: «COVID-19», «SARS-CoV-2», «әйелдердің репродуктивті жүйесі», «етеккір циклі», «жүктілік» және «фертилдік».\nНәтижелерi: Зерттеулерді талдау нәтижелері SARS-CoV-2 вирусының әйелдердің репродуктивті жүйесіне әртүрлі жолдармен әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Ең жиі кездесетін әсерлердің бірі-етеккір циклінің бұзылуы, оның ішінде цикл ұзындығының, қан кету ұзақтығы мен қарқындылығының өзгеруі. Сонымен қатар, COVID-19 жүктіліктің асқыну қаупін арттыруы мүмкін, соның ішінде мерзімінен бұрын босану, преэклампсия және ұрықтың күйзелісі.\nҚорытынды: Зерттеулерге COVID-19 әйелдердің репродуктивті жүйесіне, соның ішінде етеккір циклінің бұзылуына және жүктіліктің асқынуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Алайда вирустың репродуктивті жүйеге әсер ететін нақты механизмдері түсініксіз болып қалуды. Бұл өзекті мәселе қосымша зерттеулерді қажет етеді.","PeriodicalId":74668,"journal":{"name":"Reproductive medicine (Basel, Switzerland)","volume":null,"pages":null},"PeriodicalIF":1.1000,"publicationDate":"2023-05-29","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Reproductive medicine (Basel, Switzerland)","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.37800/rm.2.2023.46-52","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"Q4","JCRName":"OBSTETRICS & GYNECOLOGY","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
Өзектілігі: Коронавирустың (COVID-19) пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіндегі жаһандық дағдарысқа айналды. Бұл вирус негізінен тыныс алу жүйесіне шабуыл жасап, пневмонияға, жедел респираторлық дистресс синдромына (ARDS), ал ауыр жағдайларда өлімге әкеледі. Алайда, соңғы жылдардағы зерттеулердің нәтижелері COVID-19 инфекциясының дененің басқа жүйелеріне, соның ішінде әйелдердің репродуктивті жүйесіне әсер ету мүмкіндігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты – коронавирустың әйелдердің репродуктивті денсаулығына әсері туралы жан-жақты шолу жасау болып табылады.
Материалдар мен әдістерi: PubMed, Scopus және Embase дерекқорларында 2023 жылдың қаңтарына дейін жарияланған тақырыпқа сәйкес тиісті мақалалар анықталып, жан-жақты зерттеу жүргізілді. Іздеу сұрауларына келесі кілт сөздері мен сөз тіркестері кірді: «COVID-19», «SARS-CoV-2», «әйелдердің репродуктивті жүйесі», «етеккір циклі», «жүктілік» және «фертилдік».
Нәтижелерi: Зерттеулерді талдау нәтижелері SARS-CoV-2 вирусының әйелдердің репродуктивті жүйесіне әртүрлі жолдармен әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Ең жиі кездесетін әсерлердің бірі-етеккір циклінің бұзылуы, оның ішінде цикл ұзындығының, қан кету ұзақтығы мен қарқындылығының өзгеруі. Сонымен қатар, COVID-19 жүктіліктің асқыну қаупін арттыруы мүмкін, соның ішінде мерзімінен бұрын босану, преэклампсия және ұрықтың күйзелісі.
Қорытынды: Зерттеулерге COVID-19 әйелдердің репродуктивті жүйесіне, соның ішінде етеккір циклінің бұзылуына және жүктіліктің асқынуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Алайда вирустың репродуктивті жүйеге әсер ететін нақты механизмдері түсініксіз болып қалуды. Бұл өзекті мәселе қосымша зерттеулерді қажет етеді.