{"title":"ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ","authors":"А. К. Карибжанова, А. Б. Искакова","doi":"10.48081/wcym5169","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"Мақалада пәндік-тілдік интеграцияланған CLIL (Content and Language Integrated Learning) стратегиясын қолдана отырып, мектеп физикасы курсын оқып-үйрену технологиясын жасау тәжірибесі сипатталған. Ғылыми-әдістемелік зерттеу мәселесі мектеп оқушыларының танымдық дағдыларын дамыту үшін физика мен ағылшын тілдерін кіріктіре отырып оқыту мүмкіндіктерін жүзеге асыруға арналған. Авторлардың зерттеу нәтижелері қарапайым физикалық терминдерді сабақ барысында оқытуға ғана емес, сонымен бірге ағылшын тілінде сөйлейтін ортадағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағыттап оқытуда қолдануға, танымдық дағдыларды дамытуға ықпал ететін академиялық тіл дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Авторлардың зерттеулері физиканы ағылшын тілінде оқудың инновациялық технологиясын ұйымдастыруда когнитивтік оқыту әдістерін қолдануға негізделген. Педагогикалық экспериментті жүзее асыру барыснда оқушыларда зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау үшін Мюнстерберг әдістемесі қолданылған. Зерттеу жұмысының мақсаты: CLIL концепциясына сәйкес физиканы ағылшын тілінде оқудың дидактикалық жүйесін жасау. Сонымен қатар, зерттеудің келесі міндеттері берілген: 1) білім беру мазмұнын жаңарту аясында физиканы ағылшын тілінде оқып-үйрену процесіне, аталған технологияны тиімді енгізу; 2) CLIL стратегиясына сәйкес жаңашыл әдістер негіздемесін құрастыру; 3) педагогикалық экспериментте CLIL технологиясының тиімділігін тексеру. Зерттеуде конструктивизм заманауи мәдениеттің даму тенденцияларын негізге алатын білім беру моделі ретінде қарастырылған.","PeriodicalId":204660,"journal":{"name":"Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series","volume":"52 1","pages":"0"},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2021-09-27","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.48081/wcym5169","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада пәндік-тілдік интеграцияланған CLIL (Content and Language Integrated Learning) стратегиясын қолдана отырып, мектеп физикасы курсын оқып-үйрену технологиясын жасау тәжірибесі сипатталған. Ғылыми-әдістемелік зерттеу мәселесі мектеп оқушыларының танымдық дағдыларын дамыту үшін физика мен ағылшын тілдерін кіріктіре отырып оқыту мүмкіндіктерін жүзеге асыруға арналған. Авторлардың зерттеу нәтижелері қарапайым физикалық терминдерді сабақ барысында оқытуға ғана емес, сонымен бірге ағылшын тілінде сөйлейтін ортадағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағыттап оқытуда қолдануға, танымдық дағдыларды дамытуға ықпал ететін академиялық тіл дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Авторлардың зерттеулері физиканы ағылшын тілінде оқудың инновациялық технологиясын ұйымдастыруда когнитивтік оқыту әдістерін қолдануға негізделген. Педагогикалық экспериментті жүзее асыру барыснда оқушыларда зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау үшін Мюнстерберг әдістемесі қолданылған. Зерттеу жұмысының мақсаты: CLIL концепциясына сәйкес физиканы ағылшын тілінде оқудың дидактикалық жүйесін жасау. Сонымен қатар, зерттеудің келесі міндеттері берілген: 1) білім беру мазмұнын жаңарту аясында физиканы ағылшын тілінде оқып-үйрену процесіне, аталған технологияны тиімді енгізу; 2) CLIL стратегиясына сәйкес жаңашыл әдістер негіздемесін құрастыру; 3) педагогикалық экспериментте CLIL технологиясының тиімділігін тексеру. Зерттеуде конструктивизм заманауи мәдениеттің даму тенденцияларын негізге алатын білім беру моделі ретінде қарастырылған.