{"title":"Abdurahman Özkendî’nin “Ḳiṣṣa-i Dāstān-i Çingiz Ḫan” ve “Ḥażret-i Mı̇̄r Tėmür Dāstānınıŋ Beyānı” Adlı Kitabının Fonetik ve Gramer Özellikleri","authors":"Senbek Utebekov, Zulfiya Mumi̇nova","doi":"10.59358/ayt.1224434","DOIUrl":null,"url":null,"abstract":"Мақалада х. 1228/1813 жылы Түркістан аймағында Абдурахман Өзкенди тарапынан жазылған «Қисса-и дастан-и Чингиз хан ~ Хазрет-и Мир Темүрнің дастанының баяны» кітабы лингвистикалық тұрғыдан сараланады. Алдымен Шыңғысхан мен Әмір Темірдің өмірі мен ерліктеріне арналған тарихи-әдеби шығармалар жинақталған «Шыңғыснама» және «Тимурнама» нұсқалары жайында сөз етіліп, бұл нұсқаларға байланысты Түркия, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония, Татарстан секілді әр түрлі елдерде жарық көрген ғылыми зерттеулерге қысқаша шолу жасалады. Әсіресе, ескерткіштің тілдік ерекшеліктеріне байланысты тұжырымдарға тоқталып, қазірге дейін жарық көрген ғылыми еңбектер жайында мәлімет ұсынылады. Тарихи салыстырмалы және салғастырмалы әдістерді негізге ала отырып, көне, ортағасырлық және қазіргі түркі тілдерінің жазба материалдарына сүйеніледі, сондай-ақ лексикалық, фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ғылыми сипаттама жасалады. Соның ішінде, қыпшақ, оғыз және қарлұқ тілдерінің тілдік көрсеткіштерін нақтылап алып, осылардың ішінде қайсысына тән ерекшелік басымдау, сол таразыға салынады. Ескерткіш тілінде кездесетін кейбір диалектілік, яғни түркі тілдерінің ешібірінің әдеби тіл нормасына сай емес, бірақ кейбір жергілікті сөйленістерінде қолданылатын тілдік элементтер де назарға алынады.","PeriodicalId":41528,"journal":{"name":"Turkiyat Arastirmalari Dergisi-Journal of Studies in Turkology","volume":null,"pages":null},"PeriodicalIF":0.0000,"publicationDate":"2023-03-29","publicationTypes":"Journal Article","fieldsOfStudy":null,"isOpenAccess":false,"openAccessPdf":"","citationCount":"0","resultStr":null,"platform":"Semanticscholar","paperid":null,"PeriodicalName":"Turkiyat Arastirmalari Dergisi-Journal of Studies in Turkology","FirstCategoryId":"1085","ListUrlMain":"https://doi.org/10.59358/ayt.1224434","RegionNum":0,"RegionCategory":null,"ArticlePicture":[],"TitleCN":null,"AbstractTextCN":null,"PMCID":null,"EPubDate":"","PubModel":"","JCR":"","JCRName":"","Score":null,"Total":0}
引用次数: 0
Abstract
Мақалада х. 1228/1813 жылы Түркістан аймағында Абдурахман Өзкенди тарапынан жазылған «Қисса-и дастан-и Чингиз хан ~ Хазрет-и Мир Темүрнің дастанының баяны» кітабы лингвистикалық тұрғыдан сараланады. Алдымен Шыңғысхан мен Әмір Темірдің өмірі мен ерліктеріне арналған тарихи-әдеби шығармалар жинақталған «Шыңғыснама» және «Тимурнама» нұсқалары жайында сөз етіліп, бұл нұсқаларға байланысты Түркия, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония, Татарстан секілді әр түрлі елдерде жарық көрген ғылыми зерттеулерге қысқаша шолу жасалады. Әсіресе, ескерткіштің тілдік ерекшеліктеріне байланысты тұжырымдарға тоқталып, қазірге дейін жарық көрген ғылыми еңбектер жайында мәлімет ұсынылады. Тарихи салыстырмалы және салғастырмалы әдістерді негізге ала отырып, көне, ортағасырлық және қазіргі түркі тілдерінің жазба материалдарына сүйеніледі, сондай-ақ лексикалық, фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ғылыми сипаттама жасалады. Соның ішінде, қыпшақ, оғыз және қарлұқ тілдерінің тілдік көрсеткіштерін нақтылап алып, осылардың ішінде қайсысына тән ерекшелік басымдау, сол таразыға салынады. Ескерткіш тілінде кездесетін кейбір диалектілік, яғни түркі тілдерінің ешібірінің әдеби тіл нормасына сай емес, бірақ кейбір жергілікті сөйленістерінде қолданылатын тілдік элементтер де назарға алынады.